Қостанай облысында картоп алқаптары 26%-ға қысқарды

Қостанай облысында картоп алқаптары 26%-ға қысқарды

2014 жылы Қостанай облысындағы ауыл шаруашылық ұйымдарында картоп пен өзге көкөністерге арналған егістік алқаптары азайды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«2014 жылы, 2013 жылмен салыстырғанда, халықтың жеке шаруашылықтарындағы картопке арналған аумақтар 1 мың 156 га-ға қысқарды, ал көкөніс алқаптары 100 га-ға азайды», — делінген таратылған хабарламада.

2013 жылы Қостанай облысында картоп егуге бөлінген аумақтар 4,460 мың га болған, көкөністерге арналған аумақтар — 672 га. Осылайша, картоп алқаптары 26%-ға қысқарды, ал көкөніс алқаптары 17,5%-ға азайды.

«Картоп және көкөніс дақылары алқаптарының қысқаруына бірінші кезекте ауыл халқының көшіп-қонуы себеп. Сонымен қатар халықтың осы өнімдердің өндірісімен айналысқысы келмеуіне топырақты өңдеуге қатысты проблемалар, суаратын судың, тұқымның жетіспеушілігі ықпалын тигізеді», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты аймақ басшылары ауылдық мекендердің әкімдеріне, ауыл шаруашылық жетекшілеріне жеке үй-жайлардың уақытылы жер жыртуына жағдай жасауға, мұқтаж шаруагерлерді тұқым материалдарымен және суаратын сумен қамтамассыз етуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды.