Қостанай облысында рейдтік жұмыс кезінде браконьерлер ұсталды

рейдтік жұмыс
Фото: wikipedia.org

Қостанай. 10 қазан. 7kun.kz — Қостанай облысы Жангелді ауданына қарасты Бидайық ауылының төңірегінде рейдтік жұмыс кезінде браконьерлер ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылғы 8 қазанда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Амангелді тірек пунктінің инспекторлары Қостанай облысы Жангелді ауданына қарасты Бидайық ауылының төңірегінде рейдтік жұмыс барысында «ВАЗ 2107» және «ВАЗ 2106» маркалы автокөліктерін құрықтады. Көлік ішінде Қостанай облысының Қостанай ауданының 6 азамат болды. Тексеріс барысында екі дана безгелдек құсының денесі және 2 дана 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық қаруы табылды. Оқиға орнынан Қостанай АІІБ-ға хабарлама беріліп, жедел тергеу тобы шақырылды.