Бұл туралы халықпен есеп беру кездесуі кезінде Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлімдеді деп хабарлайды alau.kz
«Соңғы 5 жыл ішінде капитал салымы 1,6 есе көбейді, 2014 жылы 10,5 млрд теңгеге көбейіп, 191 млрд теңге құрады. Олардың 25%-ы бюджеттік қаржы бөлуден, 75%-ы кәсіпорындардың жеке және қарыз қаражаттарынан түскен. Облыстың жалпы инвестициясының 55,6 пайызын өндірістің үлесінде, оның ішінде 29,2%-кен өндіру, 13,9%-қайта өңдеуші, 10,2%-ауыл шаруашылық, 15,2% — транспорт және сақтау еншісінде», -деді ол.
Бірақ осыған қарамастан, шетелдік инвестиция тарту деңгейі әлі де жеткіліксіз екендігін атап өтті. «Осы сұрақтарды шешу үшін және аймақты дамыту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. 26-27 ақпанда Челябинск облысындағы өндіріс орындарымызға іс-сапар жасамақшымыз. Екі жақты әріптестікті тиімді түрде пайдалану үшін, нақты ұсыныстар дайындалды»,-деп түсіндірді әкім.