Қостанай облысының тұрғындарына 410 миллион теңге сомасына әлеуметтік жәрдем көрсетілген

2482
көмек

Қостанай. 29 маусым. 7kun.kz — 2015 жылдың алғашқы бес айының ішінде облыста 410 млн теңге сомасына 38 мың азамат мекенжайлық әлеуметтік көмек алған. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ерлан Жаулыбаев мәлім етті деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметінің сайты.

Е.Жаулыбаевтың айтынша, жалпы алғанда 2015 жылы жергілікті бюджете осы мақсаттарға арнап 924 млн теңге қарастырылған.

«Табысы аз, көп балалы және толық емес отбасылардың балалары, жетім балаларға, балалар үйінің түлектері үшін жергілікті бюджеттердің қаражатынан еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша жоғары және орта арнайы білімді алуға байланысты шығындар өтеледі. 2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 34 млн теңге сомасына 179 студентті оқыту бойынша шығындар өтелген», — деп келтірілген хабарламада Е.Жаулыбаевтың сөзі.