Қостанай обысының ауыл шаруашылығы мемлекетке 476,5 млн теңге көлемінде қарыз

668
Қостанай обысының ауыл шаруашылығы мемлекетке 476,5 млн теңге көлемінде қарыз

Қостанай облысының ауыл шаурашылығы (елдің солтүстігінде орналасқан) мемлекеттен 476,5 млн теңге көлемінде қарыз алды (теңгенің бүгінгі бағамы — 183,81/$1).

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, шаруагерлердің 2014 жылы алған несиелері бойынша қарыз көлемі жалпы алғанда 474 млн теңгені құрады. Одан бөлек, 2012-2013 жылдары 2,5 млн теңге қарыз болған.

Ауылшаруашылық өндірушілері несиені «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен «Продкорпорация» АҚ-нан егу және жинау науқаны үшін алған болатын деп атап өтті басқармада.

Шаруагерлер қарыздарынан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін құтылуы тиіс еді.

«Қарыздарын қайтармағандарға айыппұл шаралары қолданылады. 1 қаңтардан бастап жалпы сомадан 10% болады. Бірақ, «Продкорпорацияның» басшылығы шаругерлерге мүмкіндік беретін болады. Қаңтардың соңына дейін қарыз қайтарғандарға жалпы соманың тек 2 %, ақпанда қайтарса – 3 % және наурызға қайтарғандарға қайтадан 10% қосылады деп шешті. Осы айлардың ішінде қарыздарын толық өтейтін болар деген есеппен жасалынып отыр», — дейді ауылшаруашылық басқармасының төрағасы.