Экономика
Регионы
Қостанай обысының ауыл шаруашылығы мемлекетке 476,5 млн теңге көлемінде қарыз
Қостанай облысының ауыл шаурашылығы (елдің солтүстігінде орналасқан) мемлекеттен 476,5 млн теңге көлемінде қарыз алды (теңгенің бүгінгі бағамы - 183,81/$1).
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, шаруагерлердің 2014 жылы алған несиелері бойынша қарыз көлемі жалпы алғанда 474 млн теңгені құрады. Одан бөлек, 2012-2013 жылдары 2,5 млн теңге қарыз болған.
Ауылшаруашылық өндірушілері несиені «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен "Продкорпорация" АҚ-нан егу және жинау науқаны үшін алған болатын деп атап өтті басқармада.
Шаруагерлер қарыздарынан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін құтылуы тиіс еді.
"Қарыздарын қайтармағандарға айыппұл шаралары қолданылады. 1 қаңтардан бастап жалпы сомадан 10% болады. Бірақ, "Продкорпорацияның" басшылығы шаругерлерге мүмкіндік беретін болады. Қаңтардың соңына дейін қарыз қайтарғандарға жалпы соманың тек 2 %, ақпанда қайтарса – 3 % және наурызға қайтарғандарға қайтадан 10% қосылады деп шешті. Осы айлардың ішінде қарыздарын толық өтейтін болар деген есеппен жасалынып отыр", - дейді ауылшаруашылық басқармасының төрағасы.