Осы жылы қант бағасы 7%-ға арзандайды

464
Осы жылы қант бағасы 7%-ға арзандайды.............

Capital Economics аналитиктері ағымдағы жылға арналған қант бағасының болжамын 7%-ға төмендетті деп хабарлайды MarketWatch.

Олар енді шикі қант келісім-шарттарының бағамдары осы жылдың аяғында фунтына шамамен 13,5 цент болады деп болжап отыр, алдындағы болжамда фунтына 14,5 цент бағамы айтылған еді.

Дүние жүзіндегі қанттың аса көп мөлшері оның бағасы 2009 жылдан бері минималды деңгейге түсуіне себеп болды. Сейсенбі күнгі сауда жабылған кезде мамыр фьючерстерінің бағамы бір күні ішінде 2,8%-ға төмендеп, фунтына 12,37 цент деңгейінде болды.

Соңғы бес жыл ішіне қант құнының 85%-ын жоғалтқан.

Capital Economics сарапшылары 2014-2015 ауыл шаруашылық жылында әлемдік нарықтағы қант профициті қатарынан бес жыл болады деп болжам жасады.

Бұған қоса, АҚШ долларына қатысты бразиялиялық реал бағамының төмендеуі және Үндістандағы қант экспортына деген қаражаттандырудың қайта жалғасуы қант бағасына қысым көрсетуде.