Отандық тауар өндірушілерге халықаралық нарыққа шығуға көмек беріледі

тауар
Фото: utmagazine.ru

Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz — Елде алғаш рет қазақстандық тауар өндірушілерге арналған отандық өнімді ТМД және Жібек жолы елдеріне (Түркия, Қытай, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, т.б.) презентациялық бизнес-семинарлар басталды. Бұл туралы export.gov.kz хабарлады.

Роуд-шоу 2017 жылдың 4 қыркүйегіне дейін созылып, елдің он тоғыз облыстық және үш шағын қаласында өтеді.  Шараға бес мың өнім өндіруші қатысады.

«Дәстүрлі нарықтардағы бәсекелестіктің өсуі, Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүше болуы және қазақстандық тауарға сұраныстың өсуі жергілікті өндірушілерді жаңа нарықтарға шығу туралы ойландырады. Сондықтан Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі экспортты дамыту және қазақстандық өнімнің бәсекелестігін сыртқы нарықтарда арттыру. Осындай инновациялық онлайн алаңдардың пайда болуы қазақстандық брендтердің әлемдік брендге айналуына жасалған алғашқы қадам, деп сенеміз», — деп хабарлады «Kazakh Invest» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы экспортқа «Kazakh Invest»  ҰК АҚ, «Атамекен» ҚР КҰП және «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ мемлекеттік қолдау көрсетеді. Нәтижесінде дамыту институттарының желісі құрылып, жұмыс істейді, экспорттық операциялар өткізуге заңнамалық база құрылады, қолдау шаралары іс жүзінде орындалады.