Экономика
Павлодар мұнай-химия зауытының директоры қызметінен босатылды
Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - 7 қарашада "ҚазМұнайГаздың" директорлар кеңесінің шешімімен "Павлодар мұнай-химия зауытының" директоры Шұхрат Әбдірашитұлы Донбай қызметінен босатылды деп хабарлайды "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оның орнына бас директор қызметін атқаруға Оспанбек Әлсейітов тағайындалды.
Оспанбек Әлсейітов 1958 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1983 жылы Семейдегі қалалық ауруханадан бастаған. Бұған дейін Павлодар қалалық ауруханасының бас дәрігері қызмет атқарған.
Бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин мәселесі шешілмесе "ҚазМұнайГаздың" топ-менеджменті жұмыстан кететінін мәлімдеген еді.