Павлодар облысында жыл соңына дейін кокс өндірісі іске қосылады

кокс
Фото: industrialherald.com

Алматы. 21 тамыз. 7kun.kz – Павлодар облысында 700 млн теңгенің көмір коксы өндірісін жолға қою жоспарлануда.

Өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, жоба «Павлодар» АЭА аумағында жүзеге асырылмақ.

«Жобаның бастамашысы – RTF PVL. Жаңа өндірістің құны – 700 млн теңге», — деп түсіндірді ведомствода.

Ақпаратқа сәйкес, жылына 12 мың тонна көлемінде өнім өндіру болжанып отыр. 50 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта құрал-жабдықтар орнатылып, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2019 жылдың соңына дейін іске қосылады.