Павлодар облысының әкімі ауысуы мүмкін

Фото: ru.oxu.az

Павлодар. 25 наурыз. 7kun.kz — Жұма күні Павлодар облысының әкімі ауысуы мүмкін. Үкімет дереккөздерінің ақпаратына сәйкес, облыс әкімдігінің ұжымына жаңа басшы таныстырылады. 

Павлодар облысының әкімі қызметіне  министрлердің бірі немесе облыстың қазіргі басшысы Қанат Бозымбаевтың орынбасарларының бірі келуі мүмкін.

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі қызметіне 2013 жылдың 20 желтоқсанында тағайындалған. Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі болған.