Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сәби денсаулығын, бала амандығын басты назарға алып отырғанына биыл - 90 жыл. 6-7 қазан күндері Алматыда Балалар жылы аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған «Қазақстан педиатриясы: өткені мен бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, балаларға сапалы медициналы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, балаларды емдеу мен диагностикалаудағы өзекті меселелерін талқылау, еліміздегі педиатрия қызметін жақсарту мақсатында өткен іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан және Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Украина, Чехия елдерінің педиатрлары мен балалар хирургтары, ғылыми институттардың жетекші мамандары мен басшылары, сондай-ақ медициналық ЖОО профессорлары қатысты. Офлайн және онлайн форматында өкен конференция жұмысына жалпы 4000-нан аса балалар дәрігерлері қатысып, тәжірибе алмасты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М.Х.Ембергенова барша педиатрларды мерейтоймен шын жүректен құттықтап, көп жылғы мінсіз еңбектерімен ерекшеленген Педиатрия орталығының бірқатар қызметкерлеріне ҚР ДСМ жоғары марапаттарын табыс етті.
Конференция барысында клиниканың тарихы мен бүгіні баяндалатын «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына-90 жыл» атты фильм көрсетілді. Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Педиатрлар Одағының қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024