Петропавл дүкендерінде тыйым салынған азық-түліктер сатылуда

989

Петропавл қаласының супермаркеттерінде бұрын санитарлық дәрігерлердің сөрелерден алғызып тастаған азық-түліктері әлі де сатылып жатыр. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті хабарлады.

Департаменттің келтірген мәліметтері бойынша, мамандар Петропавл қаласының сауда желілеріндегі азық-түліктерді тексерістен екінші мәрте өткізген.

«Біздің екінші рет тексеріп жүргізген себебіміз — сауда орындары өткен мониторингтің нәтижелерін ескермеген. Тыйым салынған тауарларды әлі де сатып жатыр», — дейді департаментте.

Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті тарапынан наурыз-сәуір айларында төрт рет азық-түлік сатып алынып, 85 сынама жасалды. Оның 18-і талаптарға сай келмеді. Ол барлық тексерілген сынамалардың 24 пайызын құрайды.

«Аталған кәсіпорындардың басшыларына талапқа сәйкес емес өнімдерді айналымнан алып тастау туралы бұйрық берілді. Сатылымнан 499 кг азық-түлік (құс ету — 175,188, майлы өнімдер — 265 кг, сүт өнімдері — 59 л) алынып тасталды. Бірақ, санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижесінде, Петропавл қаласының сауда орталықтарында ол өнімдердің еш шектеусіз сатылып жатқандығы анықталды», — дейді департаментегілер.

Олар: «Семейный» супермаркеті, «Көктөбе» сауда үйі, «Сокол» сауда үйі, «Пирамида» сауда үйі және «Велта» ЖШС және т.б