PlayStation 4 және Xbox One-нің жаңа үлгілері тез сатылуда

474
PlayStation 4 және Xbox One-нің жаңа үлгілері тез сатылуда

Нарыққа шыққаннан бері шамамен он бес ай өткеннен соң пайдаланушыларға сатылған Sony PlayStation 4 жалпы саны 18,5 млн бірліктен асады. Microsoft Xbox One сатылымдары туралы нақты деректер жоқтығына қарамастан, анығы, шамамен 15 млн ойыншы берілген құрылғыларды алып үлгірген. PlayStation 3 те, не болмаса Xbox 360 өмірлік циклдың алғашқы бес тоқсанында сатылымның мұндай нәтижелерімен мақтана алмайды.

«Сатылған PS4 пен XBox One жалпы көлемі сәйкес өмірлік цикл кезеңіндегі PS3 пен Xbox 360 жиынтықты сатылымынан 60%-ға жоғары», — деп мәлімдеді NPD Group сарапшыларының бірі Лиэм Каллахэн.

Мұндай жоғары көрсеткіштердің себептері ретінде ойыншылардың бұл өнімдердің шығуын ұзақ күткендігі, көп елдерде олардың бағалары онша жоғары еместігі, бұл приставкалар үшін көптеген шынымен жақсы ойындардың жасалғандығы, ойыншылар санының артуы аталады.

Қазіргі уақытта АҚШ-тағы PlayStation 4 бағасы $399, Microsoft шамалы жеңілдіктер жасап, Xbox One-ды $349 бағамен өткізуде.

Ақпарат көзі: 3dnews.ru