Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Немістің Porsche автокөлік өндірушісі Берлиндік XAIN стартапымен ынтымақтастығында Porsche Panamera автокөліктерінде блокчейн технологиясын тестілеуді бастады. Бұл туралы Trustnodes хабарлады.
Басылымның мәліметіне сәйкес, бөлінген тізілімнің технологиясы көлік құлыптарын бұғаттау және бұғаттан шығару бағдарламалық механизмдеріне енгізілді. Бұл олардың іске қосу жылдамдығын алты есе ұлғайтуға (1,6 секундқа дейін) мүмкіндік береді. Бұдан басқа, әзірлеушілер блокчейнді уақытша рұқсат алу жүйесіне пайдаланды. Бұл автокөлікті басқа адамға пайдалануға мүмкіндік береді.
Компания өкілдері, блокчейн клиенттерге деректерді тез, әрі қауіпсіз беруді қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, зарядттағанда немесе тұраққа төлем жасау уақытын үнемдеуге, жер учаскесін жеткізуге немесе автокөлікті басқа адамға уақытша тапсыруға қажет.
«Біз инновациялық технологияны тұтынушыларымыз үшін тікелей пайдаға айналдырамыз», - дейді Porsche-нің қаржы стратегиясы жөніндегі директоры Оливер Дёринг.