Премьер-министр Кемероводағы қайғылы жағдай туралы: Бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек

Кемероводағы
Фото: el.kz

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz — Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев Кемероводағы орын алған қайғылы оқиғаға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді деп жазады Primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев көп адам қаза тапқан Кемероводағы қайғылы оқиғаны еске алды.

«Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президентіне ресми түрде көңіл айтты. Біз бұдан сабақ алуымыз керек», — деді Премьер-министр.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне және өртке қарсы қызметтерге әкімдермен бірлесіп барлық сауда орталықтарына тексеру жүргізіп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында 25 наурыз күні өрт шығып, 64 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында балалар да бар.