Премьер-министрге жаңа орынбасар тағайындалды

орныбасар
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 30 тамыз. 7kun.kz — ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары болып Ерболат Досаев тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

«Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Ерболат Досаев бұған дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы қызметін атқарған. Одан бөлек 2014 жылдың тамызына дейін ұлттық экономика министрі болған. 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін басқарды. Сондай-ақ, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші қызметін атқарған.