Пресс-релиз өлді

TechCrunch Europe басылымының редакторы, техноблогер Майк Бутчер жақында өзінің блогына пресс-релиз – журналистермен байланысатын құрал ретінде ескірді деп жазды. Бұл рас. БАҚ өкілдері үшін баспасөз релизі аса қызық та емес.

Отандық PR мамандары баспасөз парақшаларын 100 журналистің поштасына жіберсе, жаңалық тым қызық болған жағдайда 10-ға дейін ғана материалдардың жарық көретінін айтады. Оның өзі қысқа жаңалық түрінде ғана. Көбінде мемлекеттік органдардың, арнаулы ұйымдардың мәлімдемелері немесе ерекше эксклюзивті жаңалық келгенде баса көңіл аударылады. Ал отандық стартап бизнесінің әлі даму жолына түспегендігін ескерсек, іскерлік журналистиканы өз компанияңның экслюзивті жаңалығымен қызықтырамын деу қисынсыздау. Көбінде журналистеріміз компания иесімен «Ең жас кәсіпкер» айдарына сұхбат алумен ғана шектеледі.

Ендеше компаниялар журналистерді қалай қызықтыра алады? Баспасөз релизін қалай өтімді жасауға болады? Назарларыңызға TechCrunch Europe басылымының редакторы, техноблогер Майк Бутчердің кеңестерін ұсынамыз.

  1. Компанияның даму тарихын баяндаңыз. Максимум — 5 сөйлем.
  2. Стартап қандай проблеманы шешеді? Максимум — 3 сөйлем.
  3. Жобаның негізін қалаушының өзі осы проблемамен кездесіп пе еді? Максимум — 5 сөйлем.
  4. Аталған проблеманы сізді өніміңіз нақты қалай шешеді? Максимум — 3 сөйлем.
  5. Сіздің тауарыңыз шын мәнісінде не істейді? Максимум — 5 сөйлем.
  6. Тауарыңызды технологиядан мүлдем алыс адамға сипаттағандай түсіндіріңіз.  Максимум — 3 сөйлем.
  7. Тұтынушылық тәжірибеңіз туралы баяндаңыз.  Максимум — 10 сөйлем.
  8. Сіздің бәсекелестеріңіз кім? Максимум — 3 сөйлем.
  9. Сіз және нарықтағы басқа ойыншылар арасында негізгі қандай айырмашылық бар? Максимум — 5 сөйлем.
  10. Сіздің бәсекелестеріңізден қандай айырмашылығыңыз бар? Максимум — 3 сөйлем.
  11. Монетизация үлгісін сипаттап беріңіз. Максимум — 3 сөйлем.
  12. Жеке нарығыңызды қалай бағалайсыз? Максимум — 3 сөйлем.
  13. Стартапқа салынған жалпы инвестиця көлемі және келісім-шарт құны қандай? Доллармен.
  14. Алынған қаржы неге жұмсалады? Нақты мақсаттар.
  15. Стартапқа кім инвестиция салды? Міндетті түрде.
  16. Стартап командасын сипаттап беріңіз. Максимум — 3 сөйлем.
  17. Командадағылардың бірінің жеке қызықты оқиғасы бар ма? Максимум — 5 сөйлем.
  18. Осыған дейін команда мүшелері немен айналысты? Максимум — 3 сөйлем.
  19. Бұл жаңалықты стартап басылымға экслюзив түрінде айтып отыр ма? Жауап — «иә».
  20. Егер жоқ болса, жаңалықты қашан шығаруға болады.

Тағы бірнеше талаптар:

  • Хат қарапайым мәтінмен жазылуы қажет. Оған қосымша PDF немесе DOC-файлдар ілудің қажеті жоқ
  • Стартап иелерінің контактісін көрсету керек (мобильді телефон,Skype). Егер бар болса, басқа басылымдарда сіз туралы жарияланған материалдардың сілтемесін беруге болады.
  • Егер бар болса, өнім туралы видеоның сілтемесін, моблильді қосымшалардың скриншотын жіберіңіз.

Майк Бутчердің сөзінше, ол поштасына келген хаттың алғашқы абзацынан-ақ ерекшеленуі керектігін жазады. «Қайырлы күн, Майк! Uber қызметтерін кеңейтіп жатыр, енді компания мысықтарды жалға беретін қызмет ұсынады. Мен сізге Uber-ді осы нарықтан ысырып тастайтын стартап туралы айтқым келеді. Бұл экслюзивті»,- деп басталған хат әрдайым назарды бірден аударады деп жазады блогер.