Президент бірқатар заңдарға қол қойды

227
Президент
Фото: Kapital.kz

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Президент «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Заң мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған.

Назарбаев бағалау қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»  заңға және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжат заңнаманы «ҚР-дағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіруге бағытталған.

Сондай-ақ, 11 қаңтарда Президент «Қазақстан Республикасы мен Түркіменистан арасындағы Қазақстан-Түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Жәбірленушілерге өтемақы қорынан біржолғы ақша төлеу арқылы қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» және «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.