Президент жарлығы бойынша кредитті кешіру: Kaspi Bank-тен ақпарат

630

Банк бөлімшесіне көптеген адамдар Президент Жарлығы бойынша кредитті төлеу сұрақтарымен келуде.

Kaspi клиенттерінің уақытын үнемдеу үшін, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді:

Менің тізімді бар екенімді қайдан білсем болады?

Бұл ақпаратты ХҚКО мен egov.kz білуге болады.

Егер мен тізімді болмасам не істеу керек?

Тізімді Еңбек министрлігі дайындаған. Егер сізде тізім бойынша сұрақ болса, Еңбек министрлігінің 111-нөміріне хабарласуды өтінеміз.

Маған кредиттің жабылғаны туралы хабарлама келді. Менің қандай кредитім кешірілгені және неге сол мөлшердегі соманың кешірілгені және т.б қайдан біле аламын?

Бөлімшеге барып немесе телефон арқылы білуге болады. Назар аударуды сұраймыз, мұндай өтініш уақыты шектеусіз. Бұл сұраққа жауапты өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта ала-аласыз.

Мен жабылған сомадан қалған қаражатты шешіп алғым келеді. Қайдан және қашан алсам болады?

Егер ақша сіздің Kaspi Gold картаңызға аударылса, кез-келген банкоматтан комиссиясыз шешіп алсаңыз болады.

Егер сізде Kaspi Gold картасы жоқ болса, қаражатты Kaspi.kz-тің кез-келген бөлімшесінен ала-аласыз. Ақшаны өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта алуға болатынын назарға алуды сұраймыз. Біздің бөлімшелеріміз жұмыс күндері 9.00-20.00 аралығында, сенбі, жексенбі күндері 9.00-18.00 аралығында жұмыс істейді. Қаражат алу мерзімі шектеусіз.