Президенттік жас кадрлар резервінің өкілдері аудан әкімі болып тағайындалды

33
қымбат
Фото: eanpages.org

Алматы әкімінің өкімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков пен Бақытжан Ақжаров тағайындалды.

Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті.

«Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құру жөніндегі идеясы іске асуда. Алматыдан резервтер қатарына 39 адам енді. Бүгінгі кандидаттар – аудандар әкімдері болып қызмет атқаруға барынша дайындықтан өткендер. Біз олардан аталған аудандарда тұратын алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуда нәтижелі жұмыстарды күтеміз», — деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алатау ауданының жаңа әкімі Азамат Қалдыбеков бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды. Түрксіб ауданына әкім болып тағайындалған Бақытжан Ақжаров Алматының тұрғын үй саясатының басшысы қызметін атқарды.

Алатау және Түрксіб аудандарының бұрынғы әкімдері Ш. Рыспаев пен П. Кулагин өз еріктерімен өтініш берулеріне сәйкес қызметтерінен босатылды.