ЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Проблемалық несиелер қоры келесі жылдан бастап мүліктің 25%-ын саудаға шығарады

Менің ойымша, біз қаңтар айынан бастап (2019 жыл) қоғамға үлкен көлемде мүліктерді белсенді түрде ұсынатын боламыз. Бұл біздің балансымыздың шамамен 25%-ын құрайды - Дәулет Бақберген.

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — “Проблемалық несиелер қоры”АҚ 2019 жылдың қаңтарынан бастап қор активтерінің жалпы көлемінің шамамен 25%-ын ашық саудаға шығарады. Қордың  Басқарма төрағасы Дәулет Бақберген осылай хабарлады.

“Бүгінгі таңда біз мүлікті сату ережесін бекіттік. Тағы бір міндет, бізге Қордың теңгеріміндегі активтерді экономикалық айналымға енгізу қажет. Бұл жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері, жылжымалы мүлік. Мұнда Қаржы министрлігі ұсынатын акционердің позициясы, барлық мәмілелер ашық және электрондық сауда – саттық – АЕО (Ақпараттық-есептеу орталығы) арқылы өтуі тиіс. Олар үш кезеңде өтеді, екі көтеру және бір голландтық әдіс бойынша төмендету. Мұнда үлкен дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Менің ойымша, біз қаңтар айынан бастап (2019 жыл) қоғамға үлкен көлемде мүліктерді белсенді түрде ұсынатын боламыз. Бұл біздің балансымыздың шамамен 25%-ын құрайды” , – деді Дәулет Бақберген .

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ПНҚ еншілес ұйымдар мен өзге де мүліктердің талаптарын қоса алғанда, БТА активтерін қабылдау процедурасын аяқтады.

2017 жылдың 1 шілдесінде ПНҚ жүйе құраушы банк “Казкоммерцбанк” АҚ-ны қалпына келтіру аясында  2,6 трлн теңгеге ” БТА” АҚ-ның активтерін сатып алды.

БТА қорынан алынған қаражат «Казкоммерцбанк» АҚ-ға ақшалай міндеттемелерін өтеуге жіберілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 5,5 трлн теңге талап ету құқығы сатып алынды. Мүлік ретінде 772 млрд теңге сомасында, негізінен  “Estate Management Company” АҚ, “Kazkom Realty” ЖШС және “Аль Сакр Финанс”АҚ  секілді жер учаскелері және еншілес ұйымдар берілді.

Tags

Осы айдарда

Close