Пуэрто-Рико АҚШ-қа қосылу туралы шешім шығарды

Пуэрто-Рико АҚШ-қа қосылу туралы шешім шығарды
Көрнекі сурет tvc.ru сайтынан алынды.

Сан-Хуано. 12 маусым. 7kun.kz — Пуэрто-Рико АҚШ конгресіне өзін Американың 51-штаты ету туралы ұсыныс жолдады. Бұл туралы BBC хабарлады.

Қазір Пуэрто-Рико АҚШ-пен еркін қарым-қатынастағы мемлекет. Дегенмен іс-жүзінде Құрама Штаттарға бағынышты.

АҚШ-қа қосылу туралы шешімді референдумға келгендердің 97 пайызы қолдаған. Бірақ референдум нәтижесі Пуэрто-Рико үкіметін қосылу процесін бастауға мәжбүрлей алмайды. Оның үстіне соңғы шешімді АҚШ Конгресі шығарады.

Бұл референдумды шақыруға 2017 жылдың 2 қаңтарынан бастап қызметіне кіріскен арал губернаторы Рикардо Росселло себеп болған. Ол АҚШ-тың 51-штатына айналу, елдгеі қиын экономикалық ахуалды шешудің жалғыз жолы екенін айтады.

Аралдың сыртқы қарызы 72 млрд доллар, ал ЖІӨ — 103 млрд доллар. АҚШ-қа қосылуды қолдайтындар, жеңіл банкрот болуға көмектеседі деген пікірде.

Бұл Пуэрто-Риконың статусы туралы бесінші референдум. Бұған дейінгісі 2012 жылы болған. Ол кезде дауыс бергендердің 60 пайызы АҚШ-пен бірігуді қолдаса да, Конгресс ешқандай әрекет жасамаған болатын.