Путин Қазақстанға 300 мың гектар жерді қайтару туралы құжатқа қол қойды

Путин
Фото: reporter-crimea.ru

Мәскеу. 3 маусым. 7kun.kz — Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен Ембі полигонын пайдалану және жалға алу туралы келісімді тоқтататын хаттамаға қол қойды. Бұл туралы ria.ru хабарлады.

1995 жылдан бастап Ресейге жалға берілген Ембі полигоны 2008 жылдан бері бос жатқан. Ал Ембі полигонына қарасты болған Жем қаласындағы жылжымайтын мүліктер 2011 жылы қайтарылған. Жыл сайынғы жалдау ақысы 4,694 млн АҚШ доллары. Бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартта көрсетілген. Енді құжатқа сәйкес, 300 мың гектар жер Қазақстанға қайтарылады. Хаттама өз күшін 2017 жылдың 1 қаңтарынан күшін жояды.

Еске салсақ, 2017 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ембі полигонын Ресейге жалға беру туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі заңға қол қойған болатын.