Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

туған
Фото: iz.ru

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, телефонмен сөйлесу барысында алдағы уақыттағы келіссөздер туралы талқынды. Оның ішінде мамырдың соңында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің Нұр-Сұлтандағы мерейтойы аясында кездесу келісілді.