Қ. Бозымбаев: 2016 жылы Қазақстан мұнай өндіруді арттыруы мүмкін

Фото: ortcom.kz

Астана. 6 маусым. 7kun.kz — Қазақстан 2016 жылы мұнай бағасы өскен жағдайда өндіріс көлемін арттыруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Мәліметтер бойынша, осы жылдың төрт айында мұнай өндірісінің көлемі 26,2 млн тоннаны құрады. Біз ағымдағы жоспар бойынша 4%-ға алдамыз. Мұнай бағасының өсуі отандық компанияларға шикізаттың қосымша көлемін арттыруға және осы жылғы жоспарды қайта орындауға мүмкіндік береді», — деді министр Астанадағы халыққа есеп беру жиналысында.

Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 79,5 млн тоннаны құрады.

«Осы жылдың соңына дейін мұнайдың 30 доллар деңгейіндегі әлемдік бағасын ескере отырып, 74 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр», — деді министр.