Қайрат Сатыбалды ісі: жаңа деректер пайда болды

Астана. 21 қыркүйек. 7kun.kz – «Көлік қызметі орталығы» акционерлік қоғамы Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша медиативті келісімін кері қайтарды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бүгін сот отырсында «Көлік сервисі орталығыны» АҚ Қайрат Сатыбалдымен медиативтік келісімді қайтару туралы өтініш білдірді.  Осыған байланысты бүгін іс тоқтатылып, ертеңге қалдырылды.

«Бұған дейін медиативтік келісім жасалды. Қазіргі уақытта аталған медиативтік келісімге қол қою мәселесі аяғына дейін шешілмеді. Соттан біздің өтінішімізді қарауды кейінге қалдыруды сұраймын», – деді «Көлік қызметі орталығы» тарапының өкілі. Ол келтірілген шығын толық өтеліп, қазіргі күні ақша мекеменің шотында екенін атап өтті.

Айта кетейік, кеше  сот отырысында «Қазақтелеком» АҚ және «ЦТС» АҚ-ның сотталушылар – Қайрат Сатыбалды мен қылмыстық істің басқа да қатысушыларымен медиативтік келісім жасалғаны айтылған еді.

Еске салайық, Астана қаласында өтіп жатқан сот процесінде 5 адамның ісі қаралуда. Олардың ішінде «Қазақтелекомның» экс-мажоритарлық акционері Қайрат Сатыбалды, жекешелендіру аясында «Көлік сервисі орталығын» сатып алған «Темір Триумф» компаниясының иесі Марат Мұхамбеджанұлы, Шыңғыс Қоңырбаев, «Қазақтелеком» бөлімшесінің басшысы Леонид Муравьев және «Көлік сервисі орталығын» компаниясының басшысы Ғайни Бекетов.