Астана. 30 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрін қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды», – делінген Жарлықта.
Қанат Мусин бүгін мәжілістің жалпы отырысында конституциялық сот судьясы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ ЕҰУ ғалымы Еркін Оңғарбаев пен Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғалымы Сергей Ударцев те Конституциялық сот судьясы лауазымына тағайындалды.
Қанат Мусин құқық қорғау мен әділет органдарында көп жыл еңбек етті, мәжіліс депутаты, комитет төрағасы, министр болды.
Айта кетейік, конституциялық сот өз жұмысын келесі жылдан бастайды. Кеше президент жарлығымен конституциялық сот төрағасы қызметіне Эльвира Әзімова тағайындалды.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





