Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан. 14 шілде. 7kun.kz – Алматы қаласы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Таймерденов Қанат Даниярұлы Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қанат Таймерденов Алматы полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың маусым айына дейін басқарды.