Экономика
Қарағандыдағы атыс бейнебақылау камераларына түсіп қалды: Полицей жараланды
Қарағанды облысы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – кеше Қарағандыда атыс болып, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Атыс Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Тәттімбет көшесіндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Белгілі болғандай, «ВАЗ 2114» автокөлігіндегі азаматтар «BMW X6» көлігіне оқ атқан. Сондай-ақ көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, қашып кетуге әрекет жасаған. Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген.
Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазір ол тергеуге алынды.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





