Қараша айында ең көп сатылған автокөлік анықталды

144
қараша
Фото: Forbes.kz

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның автокөлік қауымдастығы қараша айында ең көп сатылған жеңіл автокөліктер рейтингін жасады. Toyota Camry автокөлігі 388 көрсеткішімен көш бастап тұр.

toyota camry
Фото: toyota-camry.infocar.ua

Екінші орында Lada Vesta автокөлігі. Қараша айында бұл көлікті 383 тұтынушы сатып алған.

көлік
Фото: autonews.autoua.net

Үштікті Lada 4×4 автомобилі қорытындылайды. Қараша айындағы сатылым 357 көлікті құрады.

көлік
Фото: CARakoom.com

ТОП-10 қатарында кірген автокөліктер:  Hyundai Elantra (342), Hyundai Tucson (269), Lada Largus (247), Hyundai Accent (216), Lada Granta (187), Toyota Land Cruiser Prado (148) және Hyundai Крит (135).