Қаржы министрлігі сайлауға бөлінетін соманы қысқартты

халықаралық
Фото: ru.sputniknews.kz

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның қаржы министрлігі кезектен тыс Президент сайлауын өткізу үшін Орталық сайлау комитетінің бюджеттік өтініміндегі 12 млрд теңгені қысқартты, деп хабарлады ОСК хатшысы Сабила Мұстафина.

 «Осыдан екі күн бұрын біз Қаржы министрлігіне осы бюджеттік өтінімді жібердік (12 млрд теңге) және қазірдің өзінде, біз бюджеттік өтінімді қорғадық, кейбір позициялар Қаржы министрлігі тарапынан оңтайландырылды деп айта аламын… Және дәл қазір бұл сома азаятынын білемін. Біз Қаржы министрлігінің дәлелдерімен келістік», — деді С.Мустафина

Бұл ретте ол өтінімнің қаншалықты оңтайландырылғанын анық айтпады.

Мустафинаның мәліметінше, Үкімет 17 сәуір күні министрлер кабинетінің резервінен қажетті соманы бөлу туралы қаулы қабылдауы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов ОСК-нің кезектен тыс президент сайлауын өткізу үшін 12 млрд теңге сұрағанын хабарлаған еді.