Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін салушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадземен кездесті. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.
Компания басшылары Президентке цифрлық қызмет көрсету сервисінің және тиісті экожүйенің даму стратегиясы, сондай-ақ, Қазақстандағы электронды коммерцияның өсу перспективалары туралы баяндады. Әсіресе компанияның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі жоспарына ерекше мән берілді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Kaspi.kz компаниясының акцияларын алдағы уақытта Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының алаңдарына ашық түрде орналастыруға дайындық жайы айтылды.
Президент қазақстандық компанияның одан әрі дамуына техникалық инновациялардың оң тәжірибелерін енгізудің маңызды екенін атап өтті.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





