Қазақмыстың жаңа басшысы тағайындалды

634
Фото: mining.kz

Бұған дейін Қазақмыс корпорациясының Бас директоры қызметін атқарып келген Бақтияр Қрықпышев 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Сондай-ақ, ол корпорацияның инвестициялық саясат, өндірістік жоспарлау және стратегиялық даму жұмыстарына жауап береді»,- делінген хабарламада.

Бахтияр  Әбдірахманұлы  1973  жылы  дүниеге  келген, 1995  жылы Ө. А. Байқоңыров  атындағы  Жезқазған тау-кен  технологиялық институтын, «Автомобиль  және  автомобиль  шаруашылығы  бойынша»  бітіріп, инженер-механик  мамандығын  алған. 2012  жылы  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық университетінің «Экономика» саласы  бойынша  аяқтаған. Экономика  бакалавры.

Федералдық мемлекеттік   автономдық білім  беру  мекемесінің  жоғары  кәсіби  мамандық  беретін « Халықтық зерттеу  технологиялық  университеті «МИСиС» -інде , «Түсті  металлургия, Тау-кен  компаниясын басқару» (2013-2014) арнайы  дайындықтан  өткен.

Қазақмыстағы  еңбек  жолын   1996 жылы  «Жезқазғантүстіметалл»  кәсіпорынындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде, жұмысшы  мамандығынан  бастап, тау-кен  шебері, участок басшысының  орынбасары, басшысы, кейін  шахтаның  бас  инженеріне  дейінгі  баспалдақтың  бәрін  басып  өткен. Шахтаның  басшысы, комбинаттың  бас  инженері, ЖТКМК-ның бас  инженері, кейін техникалық  директоры, «Жомарт» кенішінің  директоры  қызметтерін  атқарған.

2008  жылы «Жезқазғантүстіметал» ӨБ-тің бас  директоры  болды. 2010  жылы «Бозшакөл» кен  орнында  бас  директор  болып  тағайындалды. 2011 жылы «Қарағандытүстіметалл» және «Балқаштүстіметалл» ӨБ-ін  басқарды. 2012  жылы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің  өндіріс  директоры, ал  сол  жылдың  желтоқсан  айында  компанияның тау-кен  өңдеу  кешенінің  бас  директоры  қызметтерін  атқарды. 2013  жылдың  желтоқсан  айынан  бері «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің  бас  директорлығы  қызметіне  тағайындалды.