Қазақстан 2019 жылы паспорттар индексінде екі сатыға көтерілді

19
паспорт
Фото: Kapital.kz

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылы Қазақстан азаматтары үш ай бұрынғыдай әлемнің 76 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте екі сатыға көтеріліп, Оманмен бірдей көрсеткішке ие болды. Қазақстан 104 елдің 67-ші орында тұр. Бір жыл бұрын ел азаматтары визасыз әлемнің 71 еліне бара алды. Бұл туралы Henley & Partners компаниясы жариялаған жаңартылған паспорттар индексінде көрсетілген.

Зерттеулерге сәйкес, Индекс көшбасшысы Жапония болды, оның азаматтары әлемнің 190 еліне визасыз келе алады. Бір жыл бұрын Германия 177 елдің көрсеткішімен бірінші орынды иеленді. Ал осы жолы Германия үшінші орынды Франциямен бөлісті(188 ел визасыз бар).  Екінші орында Оңтүстік Корея, ол үш ай ішінде Индияны визасыз елдер тізіміне қосып, индексте бір позицияға көтерілді. Сингапур да 189 елдің көрсеткішімен екінші орында.

Ұлыбритания мен АҚШ индексте позициянан жаңылды.  Қазір олар 6-шы орында тұр (185 ел). Сарапшылар 2015 жылы көш бастаған елдердің индексте төмен түсуін  «жабық есік» саясатымен түсіндіреді.

Үш ай ішінде Ресей(119 ел) мен Әзірбайжан(66 ел) көрсеткіштері өзгерген жоқ. Өзбекстан визасыз режиммен бір елді жоғалтса да, 58 елдің көрсеткішімен  индексте 82-ші орыннан 80-ші орынға көтерілді. Ирак пен Ауғанстан индекстің соңында. Бұл елдердің азаматтары  30 мемлекетке визасыз шығады.

2019 жылы Henley & Partners алғаш рет паспорттар индексімен бірге  «Жаһандық ұтқырлық туралы есеп» жариялады. Есеп беруде халықаралық сарапшылар әлемнің түрлі аймақтарындағы көші-қон трендтерін баяндайды. Әртүрлі елдердің «ашықтығы» мен «жабықтығына»  және оның экономикалық дамуына әсеріне көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, есепте ұтқырлықты арттыру нұсқасы ретінде инвестициялар арқылы азаматтық алудың трендтері қарастырылды.

«Жалпы, екінші азаматтыққа қызығушылық 2018 жылы өсе түсті.  Барлығы 30 миллион доллардан асатын ультра бай адамдардың үштен бірінен астамы қазірдің өзінде екінші паспорты бар және  29%-ы сатып алуды жоспарлап отыр. Инвестициялық иммиграция бағдарламалары әрбір бесінші қуатты иммигрантқа екінші азаматтық алуға көмектеседі, бұл ретте екінші азаматтық  алып, бірақ жаңа елге көшпегендер есепке алынбайды» , — деді Henley & Partners басқарма төрағасы Кристиан Келин.

 Инвестициялар арқылы азаматтық алу  бағдарламалары бар елдер әлі күнге дейін жоғары орындарға ие. Мальта, мысалы, әлемнің 182 еліне қол жеткізе отырып, 9-шы орынды иеленеді. Сент-Китс , Невис, Антигуа және Барбуда 27-ші және 28-ші орындарда. Жақында Сент-Киттс және Невис және Беларусь Республикасы визасыз тәртіп туралы шартқа қол қойды, ол таяу айларда күшіне енеді.

2018 жылдың күзінде «Инвестициялар арқылы азаматтық» бағдарламасын іске асырған Молдова Республикасы 46-шы орынды иеленді (122 ел визасыз). Черногория бір саты жоғары, әлемнің 123 елімен 45-ші орында.