Қазақстан Ауғанстанның астық нарығынан айырылып қалуы мүмкін

астық
Фото: agro-istra.ru

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Өзбек саудагерлері қазақстандық астықты аса тиімді шарттармен Ауғанстанға қайта сатуда. Бұл туралы мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлімдеді.  

Оның айтуынша, бұрын Қазақстан Ауғанстанға 2 млн тоннаға жуық астық жеткізіп тұрған.

«Қазір біз бұл нарықты жоғалтамыз деп айтуға мәжбүрмін. Өйткені оны өзбек бизнесінің өкілдері алып жатыр. Олар қазір көп диірмен салып, оны Ауғанстанға жеткізуде. Оған қоса, Орталық Азияның жекелеген елдері біздің тауарларымыз үшін кедендік баж салығына ие. Бұл мәселені шешу үшін сыртқы істер министрлігі не істеп жатыр?» – деп сұрады ол.

Ал аталған ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Ауғанстанда туындаған мәселелерді экономикаландыру жолымен шешуге күш салуда екенін мәлімдеді.

«Бұл шешімнің жаңа түрі және қақтығысты реттеуді күш көрсетумен емес, бейбіт жолмен шешу. Бүгінде қазақстандық компаниялар жобаларға қатысуда. Мысалы, көлік саласында Солтүстік –Оңтүстік темір жолының құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе рельс – арқалық зауыты Ауғанстанға осы темір жол үшін 350 мың тонна рельс жеткізу конкурсын жеңіп алды», – деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 520 млн долларды құрайды.

«Оның ішінде 2017– 2018 жылдары негізгі айналым 2 млн тонна бидай мен астықты құрады. Бүгінде бидай мен ұнның 80 пайызы Ауғанстанға Қазақстаннан жеткізіледі, – деп түсіндірді Атамқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2018 жылы Қазақстан Ауғанстанға 65,7 млн АҚШ доллары көлемінде  387 мың тонна бидай мен зәйтүн экспорттады.