Қазақстан банктеріндегі корпоративтік салымдар 8,17 трлн теңгені құрады

61
депозиттер
Фото: kapital.kz

Алматы. 11 қараша. 7kun.kz — Қазан айына қарай қазақстандық банктердегі корпоративтік салымдардың көлемі 8,17 трлн теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 0,1%-ға кем. Мұндай деректерді finprom.kz ұсынды.

Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттерін қамтитын он ірі банктің ішінен 6-ы бір жыл ішінде ЕДБ корпоративтік салымдар көлемін арттырды, оның ішінде 3 банк — 10%-дан астам және тағы біреуі — 20%-дан астам.

Бизнес депозиттерінің жылдық өсуі бойынша сектордағы ТОП-10 ЕДБ арасында ForteBank көш бастап тұр: өсім бірден 23,3%-ға, 613,4 млрд теңгеге дейін. Айта кетейік, банк портфелі бөлшек және корпоративтік салымшылар арасында тең бөлінген: заңды тұлғалардың депозиттері банктің салымдарының жалпы көлемінің 53,5%-ын құрайды. Банктің жиынтық депозиттік қоржыны да өсті: бір жылда 16,5%-ға.

Екінші орында — Қазақстандағы Қытайдың Еншілес банкі, ол бизнеспен жұмыс істеуге толық бағытталған: 16,2%-ға, 270,4 млрд теңгеге дейін. Көшбасшы үштігін тағы бір шетелдік банктің еншілес бөлімі түйіндейді, бұл жолы ресейлік: Сбербанк бір жыл ішінде 15,6%-ға өсім көрсетті, нәтижесінде банктің заңды тұлғаларының салым көлемі 704,5 млрд теңгеге жетті.

Жалпы алғанда, банк секторында жиынтық депозиттік портфельдегі бизнес депозиттерінің үлесі 48,1%-ға дейін төмендеді, өткен жылы бқл көрсеткіш 49,2% болған.

Осылайша, бүгінде банктерді қаржыландырудың негізгі көзі — бұл жеке тұлғалардың салымдары.