Қазақстан экономикасының өсімі қаңтар-қазанда 4,4%-ды құрады

42
зейнетақы
Фото: primeminister.kz

Алматы. 12 қараша. 7kun.kz — Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында 2019 жылдың 10 айында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

«Қаңтар-қазан айларында ІЖӨ өсімі 4,4%-ға дейін өсті. Экономиканың өсу факторлары инвестициялық белсенділік, ЖІӨ — дегі ШОБ үлесін және ішкі сұранысты арттыру, өнеркәсіптің кіші салаларында екі мәнді өсім, сондай-ақ мұнай өндіруді қалпына келтіру болды», — деді ол.

Сондай-ақ, Руслан Даленов экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобалар пулының қалыптасқандығын айтты.

«Бұл орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты және сапалы өсуі үшін негіз жасайды және елдегі іскерлік белсенділікке оң әсер етеді», — деді министр.

Оның мәлімдеуінше, есепті кезеңде инвестициялар 8,2%-ға өскен. Халықтың нақты табыстарының өсуі 6,4%-ды құраған (қаңтар-қыркүйек). ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 28,5%-ға дейін өсті (қаңтар-маусым). Өнеркәсіптік өндіріс тұрақты өсу үрдісін сақтайды. Қаңтар-қазанда көрсеткіштің өсуі 3,5%-ды құраған.

«Өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ға өсті. Өсу негізгі өңдеу салаларында жиналған қарқындардың сақталуымен байланысты. Бұл жеңіл өнеркәсіп (өсім 18,9%-ға), машина жасау (18,8%-ға), фармацевтика (15,2%-ға) және сусындар өндірісі (13,9%-ға). Тау-кен өнеркәсібінде өсім мұнай өндіруді қалпына келтіру есебінен 3,7%-ға дейін жылдамдады. Жоғары өсу қарқыны түсті металдар кенін өндіруде сақталады, 18,0% деңгейінде «, — деді Руслан Дәленов.

Құрылыс жұмыстарында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Өсім 12,7%-ды құрады. 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,9%-ға өсті. Қызмет көрсету саласында өсім 4,4%-ды құрады.

«Саудада көлем 7,5%-ға, көлікте – 5,6%-ға және байланыста — 4,5%-ға өсті. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 70,4 млрд долларды, экспорт көлемі 42,7 млрд долларды, импорт 27,6 млрд долларды құрады», — деді экономика министрі.