Қазақстан мұнай өндірісін арттыруды жоспарлауда (видео)

Астана. 6 маусым. 7kun.kz — Қазақстан 2016 жылы мұнай бағасы өскен жағдайда өндіріс көлемін арттыруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Мәліметтер бойынша, осы жылдың төрт айында мұнай өндірісінің көлемі 26,2 млн тоннаны құрады. Бұл ағымдағы жоспар бойынша 4%-ға жоғары. Мұнай бағасының өсуі отандық компанияларға шикізаттың қосымша көлемін арттыруға және осы жылғы жоспарды қайта орындауға мүмкіндік береді.

Энергетика министрінің мәліметінше, 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру 79,5 млн тоннаны құрады. Ал осы жылдың соңына дейін мұнайдың 30 доллар деңгейіндегі әлемдік бағасын ескере отырып, 74 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр.