Қазақстан Қырғызстанға бензин экспорттайды

29
қырғызстанға
Фото: novostienergetiki.ru

Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – Еліміз Қырғызстанға бензин экспорттайды. Қазанда АИ 92 маркалы жағар-жанар майдың алғашқы партиясы Қырғызстанға жеткізіледі. Бұл туралы «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Шухрат Данбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде жеткілікті деңгейде бензин шығарылады. Сондықтан біз ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыра отырып, өз өнімімізді өзге елдерге экспорттауға қауқарымыз жететінін айтады.

«Павлодар зауыты авиациялық отын, жоғары сапалы реактивтік отын өндіруді жалғастырады. Қазірдің өзінде әуе компаниялары өз өнімімізді тұтына бастады. Бұл ішкі нарықтағы баға құнына әсер етті. Нәтижесінде көтерме сауда бағасы 20-30%-ға дейін төмендеді», — Шухрат Данбай.