Қазақстан туризмнің қарқыны жоғары елдер қатарына енді

138
Қазақстан
Фото: tvori-dly-dushi.ru

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан туризмнің қарқыны жоғары ТОП-20 елдің қатарына енді. Мұндай деректі БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) ұсынды.

Ұйымның мәліметтері бойынша, 2019 жылы Қазақстан 20-шы орында орналасқан. Өсім 10%-ды құрады.

Қазақстаннан жоғары Литва (10,1%), Израиль (10,5%) және Әзірбайжан (11,4%) орналасқан.

Сонымен қатар, көрші Өзбекстан туристердің ағынын 27,3%-ға ұлғайтты және төртінші орынға жайғасты. Өсім бойынша көшбасшылар үштігінде Мьянма (40,2%), Пуэрто-Рико (31,2%) және Иран (27,9%) орналасқан. Армения да тізімге енді-14 орын (14,4%).

Айта кетейік, өткен жылы ең көп баратын ел Франция болды – 90 млн турист. Одан кейін Испания орналасқан – 83,8 млн турист.