Қазақстанда авиаотын бағасына мемлекеттік реттеу енгізу жұмыстары талқыланды

Фото: oilcapital.ru

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz — Энергетика министрлігінде авиаотын бағасына мемлекеттік реттеу енгізу мүмкіндігі туралы түсініктеме берілді.

Бұған дейін мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Еркебұлан Хасенов Энергетика министрлігіне әуе отынының бағасын төмендету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Авиаотын бағасын мемлекет емес, нарық реттейді. Яғни, баға сұраныс пен ұсыныстар негізінде қалыптасады.Бұдан әрі, 2018 жылы импортқа тәуелділік сақталатындықтан, бағаны реттеу дефицитке әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттің реттеуіне жол берілмейді», — деп түсіндірді энергетика министрлігі.

Сонымен қатар, ведомствода 2019 жылы үш мұнай өңдеу зауыты толық қуатпен ашылады деп атап өтті. Олар ішкі нарықты өз өндірісі есебінен авиа отынмен толық қамтамасыз етеді.