Қазақстанда автокөлік өндірісі 42%-ға өсті

70
автокөлік
Фото: img8.motor.kz

Алматы. 9 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 16 мың жеңіл автокөлік өндірілді — өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға артық, деп хабарлайды Ranking.kz.

Ақша түрінде автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі 114,7 млрд теңгені құрады. Бұл тиісті кезең үшін рекордтық көрсеткіш.

Есептік кезеңде, 15,7 мың жеңіл автокөлік, 404 автобус, 495 жүк көлігі, 270 тіркеме және 19 арнайы техника шығарылды.

Айта кетейік, автокөлік өндірісінің барлық көлемінің 94%-ы Қостанай облысына (56,5 млрд теңге) және ШҚО-ға (50,8 млрд теңге) тиесілі.