Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың ақпан айында қаңтармен салыстырғанда тары 5,3%-ға, ұн 3,2%-ға, макарон, күріш 1,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды LS.
Нан — 1,5%-ға, вермишель, ұнтақ жармасы – 1,3%-ға, сұлы жармасы — 1%-ға, кеспе -0,9%-ға қымбаттаған. Бұл ретте қарақұмық жармасы 1,4%-ға арзандады.
Көкөніс өнімдерінің де бағасы өскені байқалады: қияр — 19,7%-ға, қызанақ — 19,3%-ға, қырыққабат — 16,5%-ға, сарымсақ — 4,7%-ға, пияз — 3,4%-ға. Ал картопты бағасы 0,3%-ға, алманың бағасы 0,2%-ға төмендеді.
Сүт бағасы — 4,4%, өсімдік майы — 1,7%, маргарин — 1,3%, ірімшік — 1,2%, сары май — 0,8%, күнбағыс майына және майонез — 0,4%, айран — 0,3% өсті.
Сондай-ақ, ет өнімдерінің құны артты: тауық еті 1,7%-ға, балық консервілері – 1,3%-ға, пісірілген шұжық – 1%-ға, жартылай ысталған жылқы мен шұжық – 0,8%-ға, қой еті — 0,7%-ға, шошқа еті — 0,6%-ға, сиыр бауыры — 0,4%-ға.