Қазақстанда бензин өндірісінің көлемі артты

11
Фото: versiya.info

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде бензин шығару көрсеткіші 2123,3 мың тоннаға жетіп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға артты, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Есеп кезеңінде 162 мың тонна керосин (өткен жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғандағы өсім 12 пайыз), 1458,5 мың тонна сұйытылған пропан және бутан (+6,6 пайыз), 2667,3 мың тонна газойль (-0,5 пайыз), 1713,8 мың тонна мазут (-5,8 пайыз) өндірілді.

Сондай-ақ 1192,1 мың тонна ферроқорытпа (+5,2 пайыз), 1738,3 мың тонна жазық прокат (+7,2 пайыз), 88,6 мың тонна тазартылған қорғасын, (+2,3 пайыз), 192,3 мың тонна мырыш (+1,5 пайыз), 238,2 мың тонна тазартылған мыс (-3,5 пайыз) өндірілген.