ЖаңалықтарТаңдаулы1

Қазақстанда дайын өнімге сұраныс артты

Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (+7%) құрады.

Алматы. 11 қазан. 7kun.kz – Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2018 жылғы ІІІ тоқсанда IІ тоқсанмен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың жоғарылауын және өндіріс көлемінің төмендеуін белгіледі, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (+7%) құрады.

2018 жылғы ІІІ тоқсанда өткен 2018 жылғы IІ тоқсанмен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, тұтынушылар сұранысы және іскерлік белсенділігі төмендеді.

2018 жылғы ІІІ тоқсанда сұралған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (+1%) құрады.

Қазіргі уақытпен салыстырғанда 63% өзгеріссіз, 17% жақсаруын және 11% кәсіпорын өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын күтеді.

Tags

Осы айдарда

Close