Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 102,9% құрады

Фото:

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 2018 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды, — деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.

Тамақ, сусын өнімдері, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті.

Сонымен бірге, темекі бұйымдары және қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды.