Қазақстанда онлайн-сауда қызып тұр

сауда
Фото: newz4ward.com

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы интернет арқылы сауда көлемі 259,5 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда (339,9 млрд теңге) 33,6%-ға артық, — деп хабарлайды Ranking.kz.

Электрондық коммерцияның көтерме сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 1,9%-ды құрады. Олардың 144,6 млрд теңгесі интернетте бөлшек саудаға (өткен жылда — 106,9 млрд теңге) және 114,9 млрд теңгесі көтерме саудаға (өткен жылы — 87,2 млрд теңге) тиесілі болды. 2018 жылы интернет арқылы қызмет көрсету көлемі 136,1 млрд теңгені құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 93,5%-ға артық.

2018 жылы онлайн сатып алушылар саны 2,32 млн адамды құрады. Тиісінше, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 15 млн адамға жетеді.

Сонымен қатар, 6-15 жастағы интернет желісін пайдаланушылардың үлесі бір дылда 67,9%-дан 72,9 -ға дейін, ал 16-74 жас аралығындағы пайдаланушылардың үлесі 81,5%-дан 83,4%-ға дейін өсті.