Қазақстанда өткен 9 айда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жалпы көлемі 535 трлн теңге болды

75
Фото: psm7.com

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жалпы көлемі 535 трлн теңге болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

 Аударымдардың 93%-ы Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелері – банкаралық ақша аудару жүйесіне және банкаралық клиринг жүйесіне тиесілі. Бұл жүйелер биыл орташа есеппен күніне 2,7 трлн теңгеге 203 мың төлемді өңдеп келді.

Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі

Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі транзакциялардың негізгі көлемі екінші деңгейдегі банктерге және банктік емес ұйымдарға, ал банкаралық клиринг жүйесінде – ЕДБ-ге және Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне тиесілі.

2020 жылдың басынан бері транзакциялардың көлемі 17%-ға төмендеді, есесіне операциялар саны 21%-ға артты. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты. Жеке тұлғалардың арасында қолма-қол ақшасыз төлем жасау ісі үлкен жылдамдықпен алға басқандықтан ұзақ мерзімді үрдісте транзакциялар саны есеп айырысу көлемінен де асып түсті.

Соңғы бес жылдың қорытындысы бойынша транзакциялардың саны 40%-ға, ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – 15%-ға өсті. Бұл – жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды көбейткеніне байланысты.