Қазақстанда пәтерді жалға беру құны бір айда 13%-ға қымбаттады

Қазақстан. 3 қазан. 7kun.kz – Қыркүйекте инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ке қымбаттады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Өткен айда инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтерге байқалды – 2,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ға қымбаттады, ТБИ құрылымындағы қымбаттаудың ең төмен қарқыны азық-түлік тауарларында –1,2%.

Ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1%, білім беру қызметтері 7,1%-ке өсті.

«Азық- түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5%-ке көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4%-ке, жеке пайдалануға арналған тауарлар 2%-ке, киім мен аяқ киім 1,9%-ке қымбаттады. Отын бағасы 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондардағы сұйытылған газ 1,5%-ға өсті», – делінген хабарламада.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда (2022 ж. қыркүйекте) 1,2% өсті. Жұмыртқа бағасы 7,5%-ға, күнбағыс майы 4,6%-ға, күріш, макарон өнімдері әрқайсысы 4,1%-ға, тоқаш және ұн өнімдері 3,8%-ға, жармалар 3,2%-ға, кондитер өнімдері 3,1%-ға өсті. Бұл ретте, жаңа піскен көкөністер бағасы 10,2%-ға, картоп 8,5%-ға, құмшекер 5,2%-ға, жаңа піскен жемістер 3%-ға арзандады.

Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады. 2022 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға көтерілді.